МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ - ЖАТ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛ: Город Астана, 17 Июня 2025 года - новости на сайте gurk.kz

МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ - ЖАТ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛ

С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде “Жастар арасында медиасауаттылықты арттыру” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Шараға 60-қа жуық студент қатысты.

Іс-шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Сейфуллин арнайы қатысты. Қонақтар өз сөздерінде жастардың ақпараттық кеңістікте сауатты болу қажеттігін, жалған ақпарат пен радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеу үшін медиа құралдарын дұрыс қолданудың маңызын атап өтті.

Кездесуді облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ербол Жаулин мен республикалық ақпараттық топ мүшесі, Маңғыстау облысы Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының қызметкері, “Jaswave” ораторлық клубының жетекшісі Асылжан Теміралиев жүргізді.

Ербол Жаулин қазіргі ақпарат ағынында адаспау үшін жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту керектігін айтып, әлеуметтік желілердегі манипуляция мен фейк ақпараттың белгілерін түсіндірді. Ол сондай-ақ, діни тақырыптағы контентпен жұмыс істеуде абай болуға, тек ресми және сенімді дереккөздерге жүгінуге шақырды.

Асылжан Теміралиев өз кезегінде жастармен ашық диалог орнатып, медиа мәдениет, интернеттегі қауіптер, жалған идеологиялардың таралу тәсілдері және олардың алдын алу жолдары жайлы жан-жақты әңгімеледі. Ол жастардың медиакеңістіктегі белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру – қоғам қауіпсіздігінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Материал Атырау облысының ТҚК мәліметі негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде “Жастар арасында медиасауаттылықты арттыру” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Шараға 60-қа жуық студент қатысты.

Іс-шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Сейфуллин арнайы қатысты. Қонақтар өз сөздерінде жастардың ақпараттық кеңістікте сауатты болу қажеттігін, жалған ақпарат пен радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеу үшін медиа құралдарын дұрыс қолданудың маңызын атап өтті.

Кездесуді облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ербол Жаулин мен республикалық ақпараттық топ мүшесі, Маңғыстау облысы Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының қызметкері, “Jaswave” ораторлық клубының жетекшісі Асылжан Теміралиев жүргізді.

Ербол Жаулин қазіргі ақпарат ағынында адаспау үшін жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту керектігін айтып, әлеуметтік желілердегі манипуляция мен фейк ақпараттың белгілерін түсіндірді. Ол сондай-ақ, діни тақырыптағы контентпен жұмыс істеуде абай болуға, тек ресми және сенімді дереккөздерге жүгінуге шақырды.

Асылжан Теміралиев өз кезегінде жастармен ашық диалог орнатып, медиа мәдениет, интернеттегі қауіптер, жалған идеологиялардың таралу тәсілдері және олардың алдын алу жолдары жайлы жан-жақты әңгімеледі. Ол жастардың медиакеңістіктегі белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру – қоғам қауіпсіздігінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Материал Атырау облысының ТҚК мәліметі негізінде дайындалды

Еще новости региона

gurk.kz