Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Түркістан облысында жаңа өндірістер іске қосылуда. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында хабарланып, өңірдегі жұмыстарға жоғары баға берілді.
«Kentau Cable Industries» зауыты жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған оптикалық кабель шығарады. Жобаның құны – 1,7 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 33 мың шақырым оптикалық кабель және 12 мың шақырым микротүтік пакеттерін өндіруге қауқарлы. Өндірісте кабель шығарудың толық циклі жолға қойылған, заманауи автоматтандырылған технологиялар қолданылады. Зауытта 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«ElectroCore» зауыты электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіреді. 1,5 млрд теңге инвестиция тартылған кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 12 мың дана өнімді құрайды. Зауытта 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, отандық электр техникалық өнімдер өндірісін дамытуға мүмкіндік жасалды.
Жалпы инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгені құрайтын бұл екі жоба Кентаудың өндірістік әлеуетін арттырып, өңір экономикасының дамуына және экспорттық мүмкіндіктердің кеңеюіне серпін береді.
Айта кетейік, Кентау қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан екі жаңа өндіріс орнының салтанатты ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, кәсіпорындар ұжымына сәттілік тілеген болатын.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -













