Мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-тренинг өтті
Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін Жастар орталығында кәсіби медиатренер және тәжірибелі журналист Мирхат Әжіғалиевтің жетекшілігімен мазмұнды әрі нәтижелі семинар-тренинг өтті. Іс-шараға қатысушылар қатарында Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Зияшев Самат Саятұлы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ Полиция басқармасының өкілдері мен ТЖБ басшысы болды. Мирхат Әжіғалиев, тәжірибелі сарапшы және білікті тренер ретінде, қатысушылармен кәсіби міндеттерді тиімді шешу және күнделікті қызмет барысында кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны, бастамашылдығы және дамуға деген ұмтылысы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -