МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ: Карагандинская область, 21 Февраля 2024 года - новости на сайте gurk.kz

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

«Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер» деген ұранмен мемлекеттік қызметтің ыстығы мен суығына шыдап, Ел игілігі үшін тер төгіп жүрген азаматтар аз емес.

Бұл орайда, қызметті жанына серік еткен мемлекеттік қызметшілердің кей жағдайда уақытпен санаспай, жыл бойы демалыссыз қызмет ететін жәйттары кездеседі.Дегенмен, жыл бойы тынбай жұмыс істеген қызметші әлбетте жыл сайынғы еңбек демалысына шығуды армандайтынын мойындау қажет. Бұл ретте, заңнамамен кепілдік берілген еңбек демалысы шын мәнінде арман болып қалып жатқан жағдайлары бар.

Мұндай жағдайлар көбінесе қызметшілердің өз құқықтарын білмеу себебінен немесе жұмыстан шығып қалу қорқынышынан туындайды.

Егер жұмыс беруші еңбек демалысына қол қоюдан бас тартса, мұндай жағдайда не істеу керек?

Қазақстан Республикасының әр азаматының құқықтары Ата Заңнан бастау алады. Конституцияның 24-бабының 4-тармағына сәйкес әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек қатынастары Еңбек кодексіне негізделе отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

Заңның 54-бабында мемлекеттiк қызметшiлерге ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiлетіндігі көзделген.

Осыған орай, қызметкерді еңбек демалысына жібермеуге тыйым салынады.

Персоналдың еңбек демалыстарының кезектілігі, Еңбек кодексінің 93-бабына сай, қызметкердің пікірін ескере отырып жасалған кестемен айқындалады. Қызметкер кестеден тыс демалысқа шығуға немесе оны тараптардың келісімі бойынша ауыстыруға құқылы

Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

Егер, демалыс күндері өткен жылдары кейінге қалдырылса, яғни пайдаланылмаса, онда жинақталған күндерді қызметкер келесі жылғы демалысына қосып ала алады, тіпті мұндай күндер 30-40 болса да.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізуде. Бұл ретте, Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2023 жылы мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалысына шығу мәселесіне талдау жүргізіп, нәтижесі бойынша бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықтады.

Мысалы, 2021-2023 жылдары аралығында еңбек демалысының толық күндерін пайдаланбау салдарынан 16 мемлекеттік қызметшіде 49-71 күнге дейін демалыс күндері қолданылмай қалған.

Анықталған кемшіліктер Агенттіктің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралып, мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.

Атап өту қажет, қызметкер кезекті жыл сайынғы еңбек демалысына шығып, денсаулығын нығайтуы арқылы жалпы мекеменің алға қойған міндеттері сапалы орындалып, еңбек өнімділігінің артуына әсер етеді.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары бойынша Департаментке келесі мекенжай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қаласы, Назарбаев даңғылы, 39, телефон 8 (7212) 50-40-75 (немесе e-Otinish платформасы арқылы).

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігігің

Қарағанды облысы  бойынша  департаменті

басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының  меңгерушісі

А.Наурызбаев

Источник: ГУ «Аппарат акима города Шахтинск»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона

gurk.kz