Мемлекеттiк қызметшiлердің құқықтары қорғалуда
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.
Бұл ретте, азаматтармен қоса мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, олар бұзылған жағдайда қалпына келтіру Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызмет бағыттарының бірі болып табылады.
Департаментпен 2023 жылы мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалысына шығу мәселесіне талдау жүргізіліп, қорытындысы бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талаптарына қайшы жекелеген мемлекеттік органдарда жыл сайынғы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болғандықтан, 4 қызметшінің құқықтарының бұзылуына жол берілген.
Сондай-ақ, 12 қызметшіде 2020-2023 жылдары аралығында еңбек демалысының толық күндерін пайдаланбау салдарынан 49-71 күнге дейін күндер жиналып қалған.
Бұдан бөлек, заңнама талаптарына қайшы мемлекеттік қызметшіге іссапар шығыстарын негізсіз төмендету фактісі орын алған.
Анықталған кемшіліктер Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тарту мәселесі Департаменттің жіті бақылауында.
2023 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақталуына мониторинг жүргізу функциясы берілді.
Мониторинг мемлекеттік органдарға бару, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесін талдау арқылы жүргізіледі.
Бүгінгі күні облыс көлемі бойынша аталған жүйе 40% мемлекеттік органдарда орнатылған, оның ішінде 46% «Е-kyzmet» ақпараттық жүйесімен интеграцияланған.
Бекітілген жоспарға сәкес 2023 жылдың екінші жартыжылдығына мемлекеттік органдарға бару арқылы 62 мониторинг жүргізіліп, 16 үстеме жұмыс жасау фактісі анықталған.
Департаменттің хаты негізінде мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға жұмыс уақытын режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 89-бабы бойынша әкімшілік іс қарау функциясы берілді.
Департаментпен 2023 жылы бір мемлекеттік органның басшысы қарамағындағы қызметшіні тиісті актісіз үстеме жұмысқа тартқаны үшін әкімішілік жауапкершілікке тартылған болса, мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқығы қалпына келтірілген.
Департаментпен аталған бағытта жұмыс өз жалғасын табатын болады.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің құықтары бұзылған жағдайда Департаментке келесі мекенжай бойынша жүгінуге болатынын хабарлаймыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, телефон 8 (7212) 50-40-75 (немесе e-Otinish платформасы арқылы).
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Б. Макеев
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -