Қоғамдық кеңес мүшелерімен келелі әңгіме: Область Жетісу, 29 Декабря 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Қоғамдық кеңес мүшелерімен келелі әңгіме

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі қоғамдық кеңестер мүшелерімен кездесіп, қоғамдық институттарды дамыту, олардың ашық қоғам құрудағы рөлі, қоғамдық кеңестерге деген халықтың сенімін арттыру сияқты бірқатар өзекті мәселелерді бірлесіп талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өз сөзінде қоғамдық кеңестердің қызметі мен мақсат-міндеттеріне байланысты олардың қоғамдағы орнына тоқталып өткен облыс басшысы Бейбіт Исабаев елімізді орнықты дамыту жолында саяси жүйемізде, әлеуметтік-экономикалық салаларда кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан жаңғыртулардың барысына, оларды іске асыруда қоғамдық ұйымдар да белсенді болуы керектігін атап өтті. Мәселен, 2021 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі кеңейтілді, кеңестерді құру үрдісі қайта қаралды, уәкілетті орган айқындалып, қазір қоғамдық кеңестер іске кіріскен. Сол сияқты облыс басшысы өз сөзінде жергілікті билік органдары тарапынан қоғамдық кеңестер институтын қолдау үшін қабылданған шараларды да тілге тиек етіп, қоғамдық кеңестер қызметі жөнінде халықты кеңінен ақпараттандырудың маңыздылығын да айтты:

- Кеңестер жаңа әлеуметтік – қоғамдық институт болғандықтан негізгі міндет – қоғамдық кеңестер қызметіне деген халықтың сенімін арттыру. Бұл тұрғыда қоғамдық кеңестер жүйелі түрде азаматтарды қабылдауды практикаға енгізуі қажет. Сонымен қатар қоғамдық кеңес отырыстарының күн тәртібі де азаматтар көтеретін мәселерге байланысты құрылуы керек. Қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік желілерді қажеті мен қисындылығына сай ұтымды пайдаланса, бұл қоғамға кеңінен ақпарат таратуда еш артықтық етпейді, - деді Бейбіт Исабаев.

Кездесу барысында өңір тұрғындарының көкейінде жүрген өзекті мәселелеріне қатысты қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Қошанбеков Талдықорған қаласында жеке тұрғын үй салуға жер кезегінде тұрған азаматтарға 10 сотық жер бөлу мәселесін, Талдықорған қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жексенбай Мейрембаев облыс орталығын көгалдандыру, жаз мезгілінде балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін Талдықорған қаласында лагерь салу, Қаратал өзені жағалауынан қиыршық тас өндіруде экологиялық талаптарды сақтау мәселелеріне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сол сияқты Талдықорғандағы жабайы саудамен күрес мәселесі, атқарушы органдармен қоғамдық кеңестердің халық мәселесін бірлесіп шешуі тұрғысында да сөз болды.

Облыс басшысы өз сөзінде аталған мәселелердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, тиісті шешімдеріне қатысты ой-пікірін білдірді. Соның ішінде Талдықорған қаласын көркейту, соның ішінде Жеңіс саябағын жаңарып-жаңғырту, қаланың арық жүйелерінің ретке келтірілуі жайлы баяндады. Балалар лагеріне қатысты, қазір қала сыртындағы бұрынғы санаторий ғимаратына жөндеу жүргізіліп, болашақта оны балаларға арнап лагерь ретінде ашу жоспарда бар екенін айтты. Сонымен бірге Талдықорғанда жер кезегінде тұрған азаматтарға жер беру үшін алдымен жер учаскелері қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтылуы керектігін, бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын, қазір мұндай дайын жер учаскелері бар екенін жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелері көтерген басқа мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.

Жиынды соңында облыс әкімі:

- Бүгін қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуге аудан-қала әкімдерін арнайы шақырдым. Олар да жергілікті жерде қоғамдық кеңес мүшелерімен осылай ашық  әңгіме жүргізіп, пікірлесуілері керек. Қоғамдық кеңестен жасыратын мәселе болмауы тиіс. Қоғамдық кеңес мүшелерін жергілікті жергілікті әкімдер қоян-қолтық бірлесе отырып, халықтың туындаған мәселеклерін бірге шешетін әріптесім деп білуі керек. Мақсатымыз – б ір, елдің ертеңі, балаларымыздың болашағы – бәрімізге ортақ. Сондықтан бірлесіп жұмыс істейік, - деді Бейбіт Исабаев.

Жалпы бүгінгі таңда облыста 11 Қоғамдық кеңес өз қызметін жүзеге асыруда, оның 8-і аудандық, 2-еуі қалалық, 1-еуі  облыстық кеңес. Қоғамдық кеңестердің құрамына 170 астам адам тартылған, оның 70%-і – азаматтық қоғам өкілдері. Қоғамдық даму басқармасы тарапынан 2023 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жетісу облысының қоғамдық кеңестерінің әлеуетін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы қарастырылған, сомасы – 3 млн.тг. Жоба аясында қоғамдық кеңес мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту іс-шаралары, қоғамдық мониторинг және бақылау жүргізу туралы семинарлар, әлеуметтік желілерде қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмысын жандандыру тақырыбында тренингтер, тәжірибе алмасулар ұйымдастырылды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона