О дисциплинарной ответственности государственных служащих
Мемлекеттік қызметші өзінің қарапайымдылығымен, жоғары білімімен, әділдігімен үлгі болатын, азаматтармен жұмыс барысында сыпайылық танытып, елінің мүддесіне қызмет ететін Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшіге қойылатын ең басты талап – мемлекет пен халық мүддесінің алдындағы жауапкершілігі. Жауапкершілік болған жағдайда халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімі артып, қоғам мен мемлекет арасында мықты көпір орнатуға өз әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан, мемлекеттік қызметші өзінің жауапкершілігін, мәртебесін сезіне отырып, әдеп нормалары шегінен шықпауы тиіс және ең бастысы халыққа қызмет ететінін естен шығармауы керек.
Өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік қызметшілер арасында жиі қолданылатын жауапкершіліктің бір түрі - ол тәртіптік жауапкершілік.
Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қызметтік әдепті бұзып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметте шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылады.
Аталған фактілер орын алған жағдайда, тәртіптік теріс қылыс жасау фактісі жан-жақты зерделенеді және кейбір кезде қызметтік тергеу-тексеру жүргізілуі мүмкін.
Сонымен қатар, тәртіптік жауапкершілікке тартудың тәртібі және мемлекеттік қызметшінің осыған байланысты құқықтары мен міндеттері айқындалған. Аталған талаптарды сақтау міндетті болып табылады.
Мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартылуына байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылады, оған қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
Қарастыру нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасау дерегі расталғанда, ол заңнамаға сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылады.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметші қолданылған тәртіптік жазамен келіспеген жағдайда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасына тұрақты түрде талдау жүргізеді.
Талдау көрсеткендей, 2024 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың 1-тоқсанында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны 8,5% азайған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін жауапқа тартылғандар тіркелмеген.
Кейде мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым – қатынаста дөрекілік фактілеріне жол бергені, әдепсіздік танытқаны, яғни теріс іс – әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырағаны үшін жауапқа тартылып жатады. Бірақ, мұндай қызметкерлердің үлесі көп емес.
Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшінің әдепсіз әрекетін алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыруда.
Біз өз кезегінде, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі ретінде аталған бағытта өз үлесімізді қосудамыз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қарағанды облысы бойынша департаментінің
Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі,
А.Асқаров
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -