Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды: Город Астана, 22 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

11:00 cегодня - 22 Августа 2026 года 6 Город АстанаГУ «Аппарат акима города Астана»
Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды

Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназиясының ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылары үш жылдан бері ара шаруашылығымен айналысып келеді. Биыл білім алушылардың еңбек дағдыларын, дербестігін және әлеуметтік бейімделуін дамытуға бағытталған бағыттардың бірі ретінде гидропоника жобасы да қолға алынған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше жоба балаларды табиғатты танып-білуге, еңбекке баулуға, практикалық дағдыларын дамытуға және болашақ мамандыққа бейімдеуге бағытталған.

Жылы мезгілде оқушылар тәжірибелі омарташылардың жанында болып, араларды күтіп-баптауды, омарта жұмысын ұйымдастыруды және бал өндіру үдерісін үйренеді. Ал қыс мезгілінде мектепте арнайы сатып алынған ара шаруашылығына арналған құрал-жабдықтардың көмегімен теориялық білімдерін жетілдіріп, кәсіптің қыр-сырын меңгереді.

Балалар аралардың тіршілігі мен тарихына да ерекше қызығушылық танытады. Олар аралардың табиғаттағы рөлі, бал өндіру ерекшеліктері және омарта шаруашылығы туралы білімдерін тәжірибе арқылы толықтырып келеді.

Мектеп директоры Сәуле Ермұханқызының айтуынша, жобаның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық қабілетін дамыту ғана емес, оларды дербес өмірге дайындап, еңбек дағдыларын қалыптастыру.

«Ара шаруашылығы балалардың қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және шыдамдылыққа үйретеді. Олар әр істің нәтижесі еңбекті, уақытты және мұқияттылықты қажет ететінін тәжірибе арқылы түсінеді», – дейді ол.

Сонымен қатар мектепте «Гидропоника және агротерапия» жобасы да жүзеге асырылуда. Бұл бағыт зияткерлік дамуында бұзылыстары бар білім алушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, дербестігін арттыруға және әлеуметтік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.

Жоба аясында оқушылар гидропоника туралы бастапқы түсінік алып, өсімдіктерді күтіп-баптауды, қарапайым агротехникалық жұмыстарды орындауды үйренеді. Олар нұсқаулық бойынша әрекет ету, жұмыстың реттілігін сақтау, өсімдіктің өсуін бақылау сияқты дағдыларды меңгереді.Өсімдіктермен жұмыс істеу балалардың зейінін шоғырландыруға, есте сақтау қабілетін жетілдіруге, ұсақ және жалпы моторикасын дамытуға ықпал етеді. Ал бірлескен еңбек оларды өзара қарым-қатынас жасауға, міндеттерді бөлісуге және еңбек тәртібін сақтауға үйретеді.

Мұндай практикалық сабақтардың тағы бір маңызды ерекшелігі – бала өз еңбегінің нәтижесін көзбен көре алады. Тұқымның өніп, өсімдікке айналуы немесе омартадағы еңбектің нәтижесінде бал алынуы оқушыға нақты жетістік сезімін береді. Бұл өз кезегінде оның өзіне деген сенімін арттырып, жаңа іске қызығушылығын оятады.

Мектептегі ара шаруашылығы мен гидропоника бағыттары бір-бірін толықтыра отырып, табиғатпен жұмыс істеу арқылы балаларға өмірлік және еңбек дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өсімдіктер мен жәндіктер әлемін танып қана қоймай, жауапкершілік, ұқыптылық, шыдамдылық және дербестік сияқты маңызды қасиеттерді күнделікті тәжірибе барысында меңгереді.

Сонымен қатар, мектепте оқушылардың аспаздық қабілеттерін дамытып, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Мектеп кафесі» атты жаңа жоба да жұмысын бастайды.Жоба барысында білім алушылар аспаздық өнердің негіздерін меңгеріп, пайдалы тағамдар дайындауды және командада жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар олар өнімнің өзіндік құнын есептеу, бизнес-жоспар әзірлеу және өз идеяларын нақты бизнес-жобаға айналдыру бағытында тәжірибе жинақтайды.

Бұл бастама білімді өмірлік дағдылармен ұштастырып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жауапкершілігін арттыруға және болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ жоба балаларға кәсіпкерлік саласындағы алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік береді.

№96 мектеп-гимназиясындағы бұл бастамалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін ашып, оларды болашақ өмірге дайындаудың тиімді тәсілдерінің бірі болып отыр. Мұнда әрбір еңбек нәтижесі – бала үшін жаңа тәжірибе, жаңа дағды және өз мүмкіндігіне деген сенімнің артуы.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона