Павлодар облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті
Павлодар облысында ҚР терроризмге қарсы орталығының үйлестіруімен терроризмге қарсы облыстық жедел штаб «Шарбақты-Антитеррор-09/2025» терроризмге қарсы оқу-жаттығуларын өткізді. Шынайылыққа жақындаған шартты террористік қауіп жағдайында құқық қорғау құрылымдары мен төтенше қызметтердің әрекеттерін пысықтады.Арнайы және құқық қорғау органдарының, апаттық-құтқару жұмыстарының, жедел медициналық көмектің, арнайы бөлімшелердің күштері тартылды.Жаттығу барысында басып алынған нысандарға шабуыл жасау, азаматтарды эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету, террористік тұрғыдан осал объектілеріне қауіп төнген жағдайды жою элементтері пысықталды.Жаттығу қорытындысы бойынша барлық тартылған қызметтердің әрекеттеріне талдау жүргізілді.
Материал ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалған
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -



















