ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау, олардың бұзылуына жол бермеу бағытында маңызды жұмыстар атқарып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп қағидаттары мен стандарттарын сақтауға басымдық беріп, аталған бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар мемлекеттік қызметшінің атқаратын қызметінің аса маңыздылығы мен оған ерекше жауапкершілік жүктелетінін айқындайды. Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметшіге жоғары талап қояды. Осы ретте, әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетін, мінез-құлқы мен адалдықты жеке мүддесінен жоғары қоюға міндетті.
Халықтың тарапынан сынға ұшырамау үшін әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын қатаң сақтауы керек.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бүгінде бұзушылықтардың алдын-алу шараларын атқаруға, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды атқаруға басымдық беріп келеді.
Атап айтқанда, Департамент мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мониторинг жүргізеді.
Мемлекеттік органдар Қолжеткізуді бақылау және басқару жүйесіне жүктеу негізінде артық сағат жұмыс істеу бойынша есептерді ай сайын ұсынады.
Бүгінгі күні облыстың 466 мемлекеттік органының ішінде әкімшілік ғимаратқа кіруді бақылау және басқару жүйесі 187 мемлекеттік органда, атап айтқанда 126 жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың 61 аумақтық бөлімшелерінде орнатылды және жұмыс істейді.
86 мемлекеттік органда «Е-kyzmet» ақпараттық жүйесінде интеграциялау бойынша жұмыс аяқталды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда – 81, орталық атқарушы органдарда – 5.
Агенттікпен бекітілген жоспарға сәйкес а.ж. 1-тоқсанында мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізілді (барлығы 5 мемлекеттік орган), оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан артық жұмыс жасау 16 фактісі анықталды.
Қайта өндеу уақытының жалпы саны 615 минутты құрайды. Бүгінгі таңда 16 мемлекеттік қызметшінің құқықтары Департаменттің хаты негізінде қалпына келтірілді. 2024 жылдың І тоқсанында жүргізілген тексерістер қорытындысы бойынша 5 өтініш иесінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы негізінде мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптарын бұзып қолданылған 3 тәртіптік жазаның күші жойылды.
Сондай-ақ, проблемалық мәселелерді шешу және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзуға жол бермеу үшін мемлекеттік қызметшілердің өтініштері бойынша басшылықпен және ұжыммен кездесулер өткізу тәжірибесі бекітілген.
Бұдан бөлек, 2024 жылдың 1 тоқсанында Әдеп жөніндегі кеңестің 2 отырысы өткізіліп, онда 12 мәселе қаралды. Олардың басым бөлігі профилактикалық сипатта болып, әдептілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды. Ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік органдарға 35 ұсыным енгізіліп, ұсыныстары 100 пайыз орындалды.
2024 жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша Департамент тарапынан 15 тексеру мен профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесі бойынша 240 бұзушылық анықталған.
Әдеп жөніндегі уәкілдер тарапынан ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азамат пен мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативтік көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мұндай бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын алу, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да кеңінен жүргізіледі.
МҚІА Қарағанды облысы
бойынша департаменті
басшысының орынбасары
А.Наурызбаев
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -