Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: өңірлерде жаңа инфрақұрылымдық, көлік және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік және көлік нысандарын жаңғырту, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен және тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен аптада бірқатар маңызды жоба іске қосылды.
Түркістан облысында ұзындығы 39,3 шақырым «Тама-Тастанбек» топтық су құбыры пайдалануға берілді. Жоба нәтижесінде Шардара қаласының 31 мыңнан астам тұрғыны жерасты су көзінен алынатын сапалы ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз етіледі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










