Радикалды экстремизм идеологиясына ергендер адам өлтіруден тайынбайды
Діни экстремизм идеологиясына ергендердің мінез-құлықтары қандай?
Бұл туралы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың теолог-ғалым Гүлнар Жақанқызы айтып берді.
«Олар адамдардар арасына ірткі салады, басқа дін ұстанушыларға жеккөрушілік сезіммен қарайды, шыдамсыздық танытады. Интеллектуализмге қарсы тұрады. Тек өз дегендерін ғана дұрыс көріп, сол жолда кез келген қатігездікке бара алады. Адам өлтіруден еш тайынбайды. Өзгені де, өзін де өлімге қия алады. Секталықты дамытады. Сектаға кірген адам өзінің билігінен, өзінше ойлаудан айрылады, отбасынан, жақындардан оқшауланады. Қоғамнан алыстайды»,- деді теолог.
Оның айтуынша, адамның діни экстремистік ағымға бет бұрғанынын мынадай белгілерден білуге болады:
- қалыпты қарым-қатынасы бұзылады;
- күнделікті өмір сүру қалпынан бас тартады;
- көзқарасы басқа жаққа өзгереді;
- оқуға, жұмысқа құлқы болмайды;
- негізгі уақытын діни кітаптар оқуға, шамадан тыс құлшылық жасауға жұмсайды;
- киімге, тағамға көзқарасы өзгереді;
- күнделікті айналысатын шаруаларында өзгеріс пайда болады;
- бұрынғы достарымен, туыстарымен қарым-қатынасты үзеді;
- жаңа қоңыраулар, кездесулер, сапарлар пайда болады;
- күмәнді көздерден келетін ақша-қаражаты көбейеді.
«Бұл айтып отырған тұжырым көптеген зерттеулер негізінде жасалған. ҚР Бас прокуратурасындағы эстремизм мен террроризмге байланысты қаралған қылмыстардың нәтижесінде діни экстремистің портретін біз осылайша беріп отырмыз», -деп қорытындылады Гүлнар Жақанқызы.
Алматы қаласы Терроризмге қарсы комиссиясының аппараты
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







