Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды: Кызылординская область, 14 Июля 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Кездесуде өңірдегі уран өндіру саласының қазіргі ахуалы, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.Аймақ басшысы компанияның әлемдік уран нарығындағы, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудағы орнын атап өтті.«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялар тобы біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Өңірде уран өндіру жылдар бойы тұрақты дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы өзара тиімді әріптестік алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдіремін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде аймақта уран өндірумен «ҚазАтомӨнеркәсіп» құрамындағы еншілес кәсіпорындар айналысады. Олар – «Байкен-U», «Тураниум», «Семізбай-U» және «РУ-6» серіктестіктері. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында металлургия саласының үлесі 39,4%.Басқосуда тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.



Источник: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
<p align="left">Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Кездесуде өңірдегі уран өндіру саласының қазіргі ахуалы, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.Аймақ басшысы компанияның әлемдік уран нарығындағы, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудағы орнын атап өтті.«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялар тобы біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Өңірде уран өндіру жылдар бойы тұрақты дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы өзара тиімді әріптестік алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдіремін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде аймақта уран өндірумен «ҚазАтомӨнеркәсіп» құрамындағы еншілес кәсіпорындар айналысады. Олар – «Байкен-U», «Тураниум», «Семізбай-U» және «РУ-6» серіктестіктері. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында металлургия саласының үлесі 39,4%.Басқосуда тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.</p>

Еще новости региона