Республика күнінде қырыққа жуық жетісулық азамат мемлекеттік наградаға ие болды: Область Жетісу, 24 Октября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Республика күнінде қырыққа жуық жетісулық азамат мемлекеттік наградаға ие болды

Бүгін Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында облыс әкімі Бейбіт Исабаев 40-қа жуық жетісулық азаматқа мемлекеттік марапаттар тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Театрға жиналған көпшілікті ұлық мерекемен құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев:

- Бұл күн – тәуелсіздіктің алғышартын қалаған, еркіндіктің бастауы болған қастерлі мереке. Өзгерістер жолына бет түзеген, бірегейлік пен бірлікті, әділдік пен адалдықты, тұрақтылық пен дамуды мақсат тұтқан барша қазақстандықтардың мерейлі күні. Талай алмағайып заманды басынан кешірген кешегі Ұлы Даланың тарихи-рухани кеңістігінде танымы терең, тағылымы мол жасампаз, ел игілігіне қызмет еткен игі істер жетерлік. Оларды танып-білу бізді өткеннен өнеге алуға, бүгінгі күннің батыл бастамаларына белсене қатысуға құлшындырады. Президенттің бастамашылдығымен елдігімізді одан әрі нығайту мақсатында мемлекет басқару жүйесін жаңғыртуға, қоғамда әлеуметтік әділеттік орнатуға нақты қадамдар жасалып, кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар қолға алынды. Бұл ең алдымен халықтың билік тармақтарына сенімін арттыруға, маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін ұлғайтуға, өмір сүру, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталып отыр, - деп атап өтті ол.

Облыстың өткен 9 айдағы көрсеткіштерін мысалға ала отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарға қысқаша тоқталды.

- «Теңіз тамшыдан құралады». Осы жетістіктердің бәрінде біздің жетісулық азаматтардың әрқайсының да үлесі бар. Ел мен жердің ырысын еселеп, ынтымағымыздың арта түсуіне еңбек сіңіру, мемлекетіміздің мызғымас беріктігіне үлес қосу – баршамыздың ортақ парызымыз. Осы ұлық мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, мол табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! – деген Бейбіт Исабаев мұнан әрі марапаттау рәсіміне көшті.

Осы салтанатта 40-қа жуық азаматқа «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және басқа да мемлекеттік наградалар тапсырды. Олардың арасында «Айналайын» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ әдіскері Несіпжамал Баймадиев, «Текелийский энергокомплекс» ЖШС қазандық-турбина цехының қазан машинисі Александр Грабарев, «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасы» ЖШС атқарушы директоры Жарылқасын Болатұлы, Панфилов ауданындағы «Алибаева Ж.С.» ШҚ суғарушысы Қуаныш Құдайбергенов,  «Жаркент Алғыр» құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Жалғас Алтынбеков, Ақсу ауданындағы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ химия мұғалімі Салтанат Әубәкірова, Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының медбикесі Гүлмира Қалдыбаева, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ кезекші-тазалықшы Нина Вьюнченко және басқа да еңбек адамдары бар. Сол сияқты тағы екі жетісулық азамат мемлекеттік наградаларын Астана қаласында Президенттің қолынан алғанын атап өту керек.

Оған қоса тағы бірнеше азаматқа Жетісу облысының Құрметті азаматы атағы берілді. Олардың арасында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, медицина ғылымының докторы, Алматы қаласындағы «Приватклиник» медицина орталығының бас директорының орынбасары, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Арын, қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев және басқа да белгілі азаматтар бар.

Салтанатты жиында марапатталушылар арасынан сөз алған «Құрмет» орденінің иегері облыстық кардиология орталығының директоры Нұрсан Сұрашев:

- Әр дәрігердің міндеті – адамға дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсету. Жетісу облысының кардиологиялық орталығы – көпке танымал мекеме. Жыл сайын әлемде жасалатын оталарды бірте-бірте енгізіп жатырмыз. Мықты деген кардиологиялық орталықтармен бәсекелесіп келеміз. Біздің облыс тұрғындары республикалық клиникаларда жасалатын жоғары технологиялық медициналық көмекті басқа қалалардан іздемей-ақ, біздің орталықтан алуда. Мұның бәрі мемлекеттің көмегімен іске асырылып отыр. Бүгінгі марапат мен үшін халықтың алғысы деп білемін және жеке маған беріліп отырған марапат емес, менің әріптесіме көрсетіліп отырған үлкен құрмет, - деді ол.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертпен аяқталды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона