Құрметті қостанайлықтар!: Костанайская область, 10 Апреля 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!Қасиетті Рамазан айын түйіндеген жарқын мейрам – дәстүрлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық, кең пейілділік пен жомарттық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Ораза айт – ауызбіршілік пен татулықты, бірлік пен қайырымдылықты, ізгілік пен ізеттілікті одан сайын еселей түсетін берекелі мереке. Қасиетті айда жасаған игі істеріңіз қоғамның өркендеуіне, еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуына сеп болары анық.Рамазан айындағы сабырлық, төзімділік пен ауызбіршілік өңірімізде орын алған табиғаттың тосын мінезіне төтеп беруге зор мүмкіндік берді. Асыл дінімізбен ұштасқан осынау қасиетіміздің талай қиындықты еңсеріп, талай қуанышқа жол ашарына сенімім зор. Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, қазіргі сынақтан да өтеміз деп сенемін. Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін. Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Ораза айт қабыл болсын !



Источник: ГУ «Аппарат акима Костанайской области»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz
<p>Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!Қасиетті Рамазан айын түйіндеген жарқын мейрам – дәстүрлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық, кең пейілділік пен жомарттық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Ораза айт – ауызбіршілік пен татулықты, бірлік пен қайырымдылықты, ізгілік пен ізеттілікті одан сайын еселей түсетін берекелі мереке. Қасиетті айда жасаған игі істеріңіз қоғамның өркендеуіне, еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуына сеп болары анық.Рамазан айындағы сабырлық, төзімділік пен ауызбіршілік өңірімізде орын алған табиғаттың тосын мінезіне төтеп беруге зор мүмкіндік берді. Асыл дінімізбен ұштасқан осынау қасиетіміздің талай қиындықты еңсеріп, талай қуанышқа жол ашарына сенімім зор. Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, қазіргі сынақтан да өтеміз деп сенемін. Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін. Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!</p> <p>Ораза айт қабыл болсын !</p>

Еще новости региона

gurk.kz