Құрметті ұстаздар қауымы!
Қазіргі таңда еліміздегі 22 мыңнан аса білім беру ұйымында 600 мың ұстаз қызмет етуде. Олар 6 миллионға жуық бүлдіршіндерімізге тәлім-тәрбие беруде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2025 жылғы 15 тамызда өткен Ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында «Мен Қазақстан ұстаздарының қажырлы еңбегін жоғары бағалаймын, сіздер жас буынға беріп жатқан білімнің күшіне сенемін. Шын мәнінде, ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады», - деп ұстаздардың еңбегіне жоғары баға берген болатын.
Әрбіріміз мектеп қабырғасындағы кезеңді, алғашқы ұстазымызды ең жылы сәттермен байланыстырамыз. Бұл білім ордасындағы, жалпы адам өміріндегі басты тұлғалардың бірі ұстаздарымыздың арқасы. «Адамның адамгершілігі - жақсы ұстаздан», - деп Абай Құнанбаев айтқандай, мұғалім берген тәрбие өмірге жол сілтейтін шамшырақтай.
Сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Ұстаздың шоқтығы әрдайым биік! Есті шәкірттеріңіз көп болғай! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Абыройларыңыз асқақтай берсін!
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








