Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев СҚО-да бірқатар кездесулер өткізді: Северо-Казахстанская область, 27 Января 2025 года - новости на сайте gurk.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев СҚО-да бірқатар кездесулер өткізді

Өңірімізде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс бабымен болды. Сапар барысында Сенат төрағасы бірнеше кездесулер өткізіп, облысты дамытуға бағытталған бастамалармен танысты. 

Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесіп, Президенттің бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылын» іске асыру аясында еліміздің өңірлеріндегі еңбек ресурстарын дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, еңбек саласындағы жағдайды жақсарту, көші-қон мәселелері және жастарды еңбекпен қамту бойынша ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен және қоғам мен діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелері талқыланып, Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысының маңыздылығы және өңірлердің өзекті мәселелерін шешу үшін концептуалдық ұсыныстар жасауға қатысу қажеттілігі айтылды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта облыстың сенаторларымен бірге СҚО-ның жан-жақты дамуына көмек көрсетуді және қолдау білдіруді жалғастыратынын атап өтті.



Источник: КГУ «Аппарат акима Северо-Казахстанской области»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
<p>Өңірімізде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс бабымен болды. Сапар барысында Сенат төрағасы бірнеше кездесулер өткізіп, облысты дамытуға бағытталған бастамалармен танысты. </p> <p>Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесіп, Президенттің бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылын» іске асыру аясында еліміздің өңірлеріндегі еңбек ресурстарын дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, еңбек саласындағы жағдайды жақсарту, көші-қон мәселелері және жастарды еңбекпен қамту бойынша ұсыныстар айтылды.</p> <p>Сондай-ақ, Сенат төрағасы еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен және қоғам мен діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелері талқыланып, Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысының маңыздылығы және өңірлердің өзекті мәселелерін шешу үшін концептуалдық ұсыныстар жасауға қатысу қажеттілігі айтылды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта облыстың сенаторларымен бірге СҚО-ның жан-жақты дамуына көмек көрсетуді және қолдау білдіруді жалғастыратынын атап өтті.</p>

Еще новости региона