«Шіріген тамыр» театр қойылымы өтті
Батыс Қазақстан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының қолдауымен, дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Шіріген тамыр» атты театр қойылымы өттті.
Мақсаты – сахналық көрсетілім арқылы өңірдегі радикалды ағым өкілдерін қоғамдық құндылықтарға бейімдеу, ұлттық-рухани тәрбиені сіндіру, сондай-ақ жастар үшін терроризм және экстремизм насихатына қарсы бағытта ой-пікір қалыптастыру.
Театр қойылымы барысында көрермен радикалды идеологияға тарту әдістерін көре алды. Актерлер соқыр сенімге ерудің зиянды салдарын және ата-ананың қадірін айқын көрсетті.
Келуші көрермен терроризмге қарсы күрестің күрделі және маңызды тақырыбын ашып халыққа жеткізе алғандары үшін іс-шараны оң бағалады.
Материал Батыс Қазақстан облысы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -