ШЕКАРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ҚАУІПІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның ұйымдастыруымен ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Қатысқандар саны- 50.
Жиынға АТТ мүшесі, «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның теолог маманы Нариман Ермағамбетов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында әскерилер жат ағым белгілерімен, идеологиясымен танысты.
Теолог-маман әлеуметтік желідегі, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік, бетті жабуға тыйым салынған жаңа заң жайында айтып, арнайы желі парақшаларымен бөлісіп, дінді дұрыс ұстануды ескертіп, жат ағым арбауынан сақтандырды.
Материал Атырау облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








