Шымкентте «Белсенді күн» спорттық акциясы өтті
23 тамыз – ел өміріндегі маңызды күн. Осыған орай Шымкентте тұрғындарды дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және бұқаралық спортпен тұрақты айналысуға үндейтін «Белсенді күн» спорттық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында қала тұрғындары таңғы жаттығуға қатысып, күнді сергек көңіл күймен бастады. Жаттығу кезінде қатысушылар түрлі дене қимылдарын орындап, денсаулықты нығайту мен белсенді өмір салтын қалыптастырудың маңызын сезінді.
Іс шараның басты мақсаты – тұрғындарды спортқа кеңінен тарту, күнделікті дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мұндай бастамалар бұқаралық спортты дамытуға ғана емес, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қоғамда белсенді өмір салтын орнықтыруға да ықпал етеді.
«Белсенді күн» акциясына қатысушылар спорт пен қозғалыстың адам денсаулығы үшін маңызын атап, салауатты ұлт қалыптастыру жолында дене белсенділігін күнделікті әдетке айналдыруға шақырды.
Шымкентте бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған осындай іс шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -













