ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОРАЙ АВТОБУС КЕРУЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін, 23 тамызда Шымкентте Құрылтай сайлауына орай тұрғындарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырған автобус керуені ұйымдастырылды.
Үш автобустан құралған керуен қала көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындарға сайлауға қатысудың маңызын жеткізді.
Арнайы автобустар азаматтарды өз сайлау құқығын пайдаланып, учаскелерге барып, таңдау жасауға үндеді.Сонымен қатар, сайлау күні Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру тегін ұйымдастырылды. Бұл тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі қолайлы жетуіне мүмкіндік берді.
Тегін жол жүру қаладағы қоғамдық көліктің барлық бағыттарын қамтып, сайлау күні тұрғындарға қосымша қолайлы жағдай жасады.
Осылайша, Шымкентте азаматтардың сайлауға қатысуына және өз таңдауын еркін жасауына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -









