Шымкентте терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті
28 тамыз 2024 жылы Шымкент қаласының әкімі - Терроризмге қарсы комиссия төрағасы Ғ.Сыздықбековтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Аталған комиссия отырысына қаланың арнайы, құқыққорғау және басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.
Күн тәртібінде өзекті 4 мәселе қаралып, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы діни ахуалды зерделеу, профилактикалық және оңалту шараларын жүргізу, террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі мен мемлекеттік органдардың дайындығы мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы штабының әдістемелік нұсқаулықтарының орындалуы талқыланып, түсіндірмелер берілді.
Дәстүрлі дінмен мүлде үйлеспейтін ұстанымдардың салдарынан туындайтын келеңсіз жәйттарға және терроризмге қарсы тосқауыл қоюға бағытталған шешімдер қабылданды.
Шымкент қаласының терроризмге
қарсы комиссияның аппараты
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -