«Шығыс Салбурыны-2025» финалы
11 қазанда Бозанбай ауылында бесінші мерейтойлық Халықаралық «Шығыс Салбурыны» фестивалінің соңғы күні өтеді. Бұл - ұлттық мәдениет, этноспорт және дәстүрлерге толы жарқын мереке. Барлық басты іс-шаралар ертең өтеді!Фестиваль бағдарламасында:* бүркітшілер өнері;* тазы иттерінің шеруі;* ұлттық киімдер парады;* 20 киіз үйден құралған этноауыл;* қазақтың дәстүрлі ғұрыптары;* гала-концерт.Фестиваль қонақтары: Қазақстан, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдерден келген қатысушылар өздерінің мәдени мұрасын және этноспорттағы шеберліктерін көрсетеді.Өтетін орны: «Бүркіт төбе» этноалаңы.Көлік: «Өскемен – Бозанбай – Бүркіт төбе» бағыты бойынша автобус 11 қазан күні сағат 8:00-де «ADAL» автовокзалынан шығады; кері қайту рейсі сағат 16:00-де. Жол жүру құны — әр адамға 1000 теңге.Маршрут бойында келесі аялдаулар ұйымдастырылған: «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Фреш Маркет», «Сәтпаев», «Сол жағалаудағы полиция бөлімі (общежитие)», «20-шағын аудан».«Шығыс Салбурыны-2025» — даланың рухын сезініңіз, ата-бабалар дәстүріне еніңіз және Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасынан шабыт алыңыз!
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








