Сот үкіміне қатысты
Қарағанды қаласында Интернет желісінде радикалды сипаттағы материалдар жариялаған қолданушы анықталды.
2023 жылғы 31 қазанда Қарағанды облыстық соты ҚР ҚК 256-б. 2-б. (бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациалар желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау, терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша деструктивті діни ағымның радикалды жақтаушысына қатысты қылмыстық істің сот отырысын өткізді.
Іс мәліметтеріне сәйкес айыпталушы әлеуметтік желілерде ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған) заңсыз әрекеттерін ашық түрде қолдап, насихаттаған.
Нәтижесінде 1989 ж.т. «Х» азаматына қатысты 7 жыл 1 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.
Айта кету керек, сотты бұрын ҚР ҚК 191-б. 1-т. 2-б. (тонау) бойынша шартты түрде жазасын өтеген.
Тергеу іс-шаралары барысында «Х» Қарағанды қаласының сауда орындарында жұмыс істейтін азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқандығы және есірткі заттарды тұрақты негізде қабылдайтындығы анықталды.
Материал Қарағанды облысы бойынша ҰҚК
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
___________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -