Сот үкіміне қатысты
Қарағанды қаласында Интернет желісінде радикалды сипаттағы материалдар жариялаған қолданушы анықталды.
Қарағанды қаласы Қазыбек би соты ҚР ҚК 256-б. 2-б. (бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациалар желіліерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау, терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша қарастырылған қылмыстық іс бойынша радикалды жақтаушысына қатысты қылмыстық істің сот отырысын өткізді.
Іс мәліметтеріне сәйкес айыпталушы әлеуметтік желілерде ДАИШ халықаралық терророристік ұйымының (Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған) заңсыз әрекеттерін ашық түрде қолдап, насихаттаған.
Сонымен қатар, радикалды көзқарасы бар шетел азаматымен байланысқа түсіп, соғыс аймағына шығу жолдарын іздеген.
Нәтижесінде 1990 ж.т. «А» азаматына қатысты 7 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыруға сот үкім шығарылды.
Материал Қарағанды облысы бойынша ҰҚК
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
______________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -