Спорт саласы қызметкерлерімен маңызды кездесу
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында Кентау қалалық спорт саласының қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ерсұлтан Ештай діннің атын жамылған кереғар ағымдар, діни экстремизм мен терроризмнің ел дамуына кері әсері жайында сөз қозғады.
Кентау қалалық «Аналар кеңесінің» мүшесі Бибі Дәрібаева рухани құндылықтарымызды дәріптеп, ата-баба ұстанған салт-дәстүрлеріміздің қасиетін жеткізді. Бала тәрбиесін назарда ұстау қажеттігін ескертті.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғалымжан Тәжібаев мемлекеттік этносаясат, қоғамдық келісім және ел бірлігінің маңыздылығына тоқталды.
Жалпы ұйымдастырылған іс-шара спорт саласының қызметкерлерінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитеттің жоғарылауына негіз болды.
Материал Түркістан облысы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -