Спорттық ортада діни ағымдардың ықпалы: Алматыда ақпараттық кездесу ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қаласындағы №4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушылар құрамына арналған «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Іс-шараға 24 қызметкер қатысты. Кездесу барысында сарапшылар дәстүрлі емес діни ағымдардың қандай формада әрекет ететінін, жастарға ықпал ету үшін қандай әдістер қолданатынын және алаңдататын белгілерді дер кезінде қалай байқауға болатынын түсіндірді.Кездесуде бапкерлер мен тәлімгерлердің рөліне ерекше назар аударылды. Себебі дәл осы мамандар шәкірттерінің мінез-құлқындағы өзгерістерді, тұйықталып кетуді немесе күмәнді ақпарат көздеріне қызығушылық танытуды алғаш болып байқай алады.Қатысушыларға мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі және тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау жолдары бойынша практикалық ұсыныстар берілді.Кездесу соңында спорт мектебі қызметкерлері мұндай профилактикалық ақпараттың спорттық ортада жұмыс істеу барысында өте маңызды екенін атап өтті. Бұл бағыттағы шаралар жаттықтырушылар арасында идеологиялық қауіптерге қатысты сақтық пен қазіргі заманның сын-қатерлерін түсіну дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







