ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ АҚҚАЛА АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Арыс қаласына қарасты Аққала ауылына тұрғындар көптен күткен табиғи газ жеткізіліп, елді мекен тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Салтанатты шараға қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.
Салтанатты шара барысында табиғи газ алауы жағылып, Аққала ауылын газдандыру жобасы ресми түрде іске қосылды.
Қала әкімі өз сөзінде табиғи газдың берілуі ауыл тұрғындарының тұрмысын жеңілдетіп, елді мекеннің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
Аққала ауылында 1043 тұрғын тұрады. Елді мекендегі 156 үйдің барлығы табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Осылайша, тұрғындар алдағы уақытта үйлерін табиғи газбен жылытып, күнделікті тұрмыста көгілдір отынды пайдалана алады.
Іс-шарадан кейін қала әкімі ауылда алғашқылардың бірі болып табиғи газға қосылған Тойлыбай Ералиев ақсақалдың үйіне барып, отбасының қуанышымен бөлісті.
Ауыл қариялары мен тұрғындар көптен күткен мәселенің шешімін тауып, табиғи газдың берілуіне ризашылықтарын білдіріп, атқарылған жұмыстарға алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласына қарасты Байырқұм, Көкжиде және Жиделі ауылдары табиғи газға қосылған болатын. Бұдан бөлек, Ақдала және Қаражантақ ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










