ТҮРКІСТАН: БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӘСІП БАСТАУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ: Туркестанская область, 08 Октября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН: БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӘСІП БАСТАУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

  «TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан болашақ кәсіпкерлерге арналған «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Семинар барысында орталықтың оқыту бөлімінің басшысы Ержан Кангелдиев бизнес бастауға қажетті алғашқы қадамдар мен тиімді бизнес-жоспар әзірлеу жөнінде жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары, гранттар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Бұдан бөлек, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Бүгін семинардың қорытынды жиынында қатысушыларға сертификат табысталды. Бұдан соң семинар-тренинг қатысушылары моноқаладағы танымал «Әлия тәттілері» кондитерлік цехына барып, кәсіп жүргізудің нақты тәжірибесімен танысты. Тәжірибелік сабақ барысында кәсіп ашуға ниетті жандар теориялық білімдерін нақты өндіріс үдерісімен ұштастырып, кәсіпкерліктің күнделікті жұмыс барысын көзбен көрді. Кәсіпорынның тәжірибелі мамандары кондитерлік өндірістің ерекшеліктерін көрсетіп, өнім дайындау барысымен таныстырды. Сондай-ақ кәсіпті бастау, өндірісті ұйымдастыру және тұтынушы сұранысын ескеру бағыттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай тағылымды кездесулер кәсіпкерлікке деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, өз кәсібін бастауға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Теория мен тәжірибені ұштастырған семинар-тренинг кәсіппен айналысқысы келетіндер үшін жаңа идеяларды жүзеге асырып, болашақта өз ісін дамытуға бағыт-бағдар бермек. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
  «TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан болашақ кәсіпкерлерге арналған «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Семинар барысында орталықтың оқыту бөлімінің басшысы Ержан Кангелдиев бизнес бастауға қажетті алғашқы қадамдар мен тиімді бизнес-жоспар әзірлеу жөнінде жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары, гранттар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Бұдан бөлек, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Бүгін семинардың қорытынды жиынында қатысушыларға сертификат табысталды. Бұдан соң семинар-тренинг қатысушылары моноқаладағы танымал «Әлия тәттілері» кондитерлік цехына барып, кәсіп жүргізудің нақты тәжірибесімен танысты. Тәжірибелік сабақ барысында кәсіп ашуға ниетті жандар теориялық білімдерін нақты өндіріс үдерісімен ұштастырып, кәсіпкерліктің күнделікті жұмыс барысын көзбен көрді. Кәсіпорынның тәжірибелі мамандары кондитерлік өндірістің ерекшеліктерін көрсетіп, өнім дайындау барысымен таныстырды. Сондай-ақ кәсіпті бастау, өндірісті ұйымдастыру және тұтынушы сұранысын ескеру бағыттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай тағылымды кездесулер кәсіпкерлікке деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, өз кәсібін бастауға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Теория мен тәжірибені ұштастырған семинар-тренинг кәсіппен айналысқысы келетіндер үшін жаңа идеяларды жүзеге асырып, болашақта өз ісін дамытуға бағыт-бағдар бермек. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона