ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабектің қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – қоғамды экстремистік және террористік қауіптерден қорғау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Кездесуге Түркістан облыстық соты және ZOOM арқылы 17 қала ауданның сотының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Кездесуде «Зайырлылық қағидаты – Қазақстан Республикасының болашағының кепілі» және «Деструктивті діни ағымдардың құрбан,ы болмау жолдары» сынды тақырыптар қаралды.
Кездесуді ұйымдастырушылар дінің рухани – адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі Қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Сонымен бірге, Дінтанушы-теолог елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті, экстремисттік, радикалды діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.
Жиын қорытындысы бойынша, тыңдаушылар тарапынан теолог-мамандарға бірқатар сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










