Түркістан облыстық терроризмге қарсы комиссияның отырысы туралы
Ағымдағы жылдың 6 қараша күні Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері, құзырлы органдар мен департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде:
оңалту жұмысымен айналысатын теолог-мамандардың жұмыстарының тиімділігі; жастардың интернет кеңістігі арқылы теріс ағымдарға бет бұруына қарсы иммунитетті қалыптастыру.Отырыс барысында 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды.
Жиын соңында, радикалды идеологияның алдын алу мақсатында жастардың ақпарат кеңістігінде сыни ойлау, ұлттық құндылық пен отбасылық тәрбиеге үлкен мән беру тақырыптары бойынша сөз қозғалып, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -