Түркістан облысы аумағында өткізілген оқу тәжірибелеріне қатысты
А.ж. қыркүйек айында Түркістан облысының қалалық, аудандық жедел штабтарының терроризмге қарсы ден қою әрекеттерін кенеттен бағалау мақсатында, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Полиция департаменті, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе іс-сапарлар ұйымдастырылып (Сарыағаш ҚЖШ, Келес АЖШ, Қазығұр АЖШ,), өткізілді.Оқу тәжірибелердің мақсаты – террористік сипаттағы қылмыстың жасалуын имитациялау арқылы, олардың жолын кесуге жедел штабтардың күштері мен құралдарының дайындығын кенеттен тексеру болып табылады.Оқу тәжірибелері барысында жедел штабтардың қажетті мүшелері мен техникалары жұмылдырылды және құзырлы органдардың терроризм актісінің алдын-алу және оның салдарын жою кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне мән берілді.Оқу тәжірибелер қорытындысы бойынша, анықталған кемшіліктерге қатысты талдау жүргізіліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабы
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -













