ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨШ БАСТАДЫ
Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. ОСК-ның алдын ала мәліметі бойынша, Астана, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы бойынша Түркістан облысы көш бастап, дауыс беру көрсеткіші 92,16% болған.
Екінші орында Жетісу облысы бойынша – 91,19%, үшінші болып Қызылорда облысы бойынша – 90,75% құрап отыр.
Өзге облыстар мен республикалық қалалар көрсеткіші төмендегідей:
1. Астана қаласы бойынша – 51,67%
2. Абай облысы бойынша – 81,41%
3. Ақмола облысы бойынша – 82,69%
4. Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%
5. Алматы облысы бойынша – 71,17%
6. Атырау облысы бойынша – 70,74%
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%
8. Жамбыл облысы бойынша – 85,18
9. Қарағанды облысы бойынша – 76,28%
10. Қостанай облысы бойынша – 76,47%
11. Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%
12. Павлодар облысы бойынша – 71,20%
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%
14. Ұлытау облысы бойынша – 70,72%
15. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50%
16. Алматы қаласы бойынша – 43,23%
17. Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте хабарланатын болады. Брифингтің уақытын қосымша хабарланады.
Осымен Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы хабардар ету жөніндегі жұмысын аяқтайды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын-ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







