ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 70 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА: Туркестанская область, 03 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 70 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынын арттыру және жоспарланған жобалардың орындалуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл облыс аумағында іске қосу жоспарланған 67 инвестициялық жобаның өзектілігі қайта қаралып, жан-жақты талдау жүргізілді. Нәтижесінде іске асырылу тәуекелі бар 10 жоба анықталды. Аталған жобалардың орнына жаңа 13 инвестициялық жоба енгізіліп, жоспар қайта пысықталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін жалпы құны 793,9 млрд теңгені құрайтын 70 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар аясында 5 190 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ әрбір жобаның орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстап, туындаған мәселелерді жедел шешуді, инвесторлармен өзара байланысты күшейтуді, жаңа инвестициялық жобаларды тарту жұмыстарын жандандыруды және өңірдің инвестициялық әлеуетін тиімді пайдалануды міндеттеді. Жиында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда өңірде жалпы құны 33,4 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жоба іске қосылды. Нәтижесінде 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, өңірде жаңа инвестициялық жобалардың бастамашыларымен кездесулер тұрақты түрде жалғасуда. Мәселен, жуырда «Zhouzhi Country Jinzhou State-Owned Capital Investment and Operations» компаниясының өкілдерімен кездесу өтіп, онда киви өсіру бағытындағы тәжірибелері таныстырылды. Компания өкілдері Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайына, ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетіне қызығушылық танытты. Инвесторларға жылыжай кешендерін орналастыруға қолайлы аумақтарды таныстыру мақсатында Сайрам және Келес аудандарына арнайы іссапарлар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда инвестор тарапынан алдағы жұмыстарды қамтитын нақты жоспар әзірленуде. Сонымен қатар «Sauran Solar Power» компаниясының өкілдерімен өткен кездесуде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сыртқы қорған қабырғасын салу жобасын іске асыру мәселелері талқыланса, «Sin Yuan Steel» компаниясының өкілдері болат өндірісін Түркістан облысының аумағына көшіру және заманауи өндірістік кешен салу жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Бүгінде аталған жобалар жан-жақты зерделеніп, оларды іске асыру мүмкіндіктері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру өңір экономикасының тұрақты дамуына, жаңа өндіріс орындарын ашуға және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона