ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты сақтау және халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта қоғамдық-саяси ахуал бойынша кезекті апталық штаб отырысы өтті. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев төрағалық етті.
Отырыс барысында халықпен кері байланысты күшейту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, әлеуметтік тұрақтылықты бақылауда ұстау және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Жиында салаға жауапты басқарма басшыларының есептері тыңдалып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға қатысты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Кеңес қорытындысында облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою, әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелерді дер кезінде назарға алу және халықпен кері байланысты одан әрі күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







