ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ 21 ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП ЖАТЫР: Туркестанская область, 05 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ 21 ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП ЖАТЫР

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024–2026 жылдар аралығында Түркістан облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, заманауи технологиямен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті қадағалауында. Бүгінде облыста 115 денсаулық сақтау нысаны мен Балаларды оңалту орталығының құрылысы аяқталды. 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 медициналық нысан пайдалануға берілді. Облыстық бюджет есебінен 3 нысан, жеке инвестиция есебінен тағы 3 нысан іске қосылды. 2025 жылы қосымша 35 заманауи медициналық мекеме пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 21 медициналық нысан мен 4 жедел жәрдем дислокациясының құрылысы жалғасуда. Сонымен бірге өңірде 4 ірі стратегиялық медициналық жоба жүзеге асырылып жатыр. Аудан, қалаларда озық технологиялы нысандар бой көтеруде. Атап айтқанда, Сарыағаш қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, Темірлан ауылында 200 орындық облыстық перинаталдық орталық, Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді облыстық аурухана және Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қорының қолдауымен жаңа перзентхана салынып жатыр. Өңірде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және инфрақұрылымдық жүйесін дамытуға басымдық берілуде. Соңғы үш жылда облыстың медициналық ұйымдарына 1 548 дана заманауи медициналық техника сатып алынды. Оның ішінде 40 жоғары технологиялық аппарат бар. Атап айтқанда, 5 магниттік-резонанстық томограф, 2 компьютерлік томограф, 2 стационарлық ангиографиялық жүйе, 9 эксперттік деңгейдегі ультрадыбыстық аппарат, 7 бейнеэндоскопиялық кешен, 3 маммографиялық жүйе, 2 жасанды қан айналым аппараты, ЭКМО жүйесі, ЛОР кешендері, онкологиялық диагностикалық жабдықтар, мектеп медицинасына арналған стоматологиялық қондырғылар мен дефибрилляторлар жеткізілді. Сонымен қатар жедел медициналық жәрдем қызметі 60 жаңа санитарлық автокөлікпен және 2 неонаталдық реанимобильмен толықты. Медициналық қызмет көрсету көрсеткіштері де айтарлықтай жақсарған. 2024 жылы облыста 378 мыңнан астам адам стационарлық ем қабылдаса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 420 мыңға жетті. Өткен жылы облыс тұрығындарына 75 659 ота жасалып, 240 жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Соңғы үш жылда 42 ағза трансплантациясы сәтті орындалды. Бүйрек пен бауыр трансплантациясы өңірде қарқынды дамыған. Сонымен қатар 3 529 науқасқа коронарография, 1 698 адамға стенттеу, 215 тұрғынға ашық жүрекке операция жасалып, 453 науқасқа жүрек ырғағын қалпына келтіруге арналған жоғары технологиялық құрылғылар орнатылды. Ауыл медицинасын дамытуға ерекше басымдық берілуде. Облыс тұрғындарының 80 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Осы мақсатта арнайы жылжымалы медициналық кешендер шалғай елді мекендерді тұрақты түрде қамтып келеді. Өткен жылы 486 елді мекенде 434 мыңнан астам тұрғын медициналық тексеруден өтті. Оның 144 мыңнан астамы – балалар. Нәтижесінде, неонаталдық өлім-жітім 27,5 пайызға, нәресте өлімі 18,3 пайызға, ал бала өлімі 14,9 пайызға төмендеді. Кадрлық әлеуетті нығайту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жергілікті бюджет есебінен резидентура бағдарламасы арқылы 297 дәрігер даярланып, өңірдегі медициналық ұйымдарға жолдануда. Жас мамандарды қолдау шаралары күшейтіліп, тапшы мамандық иелеріне көтерме жәрдемақылар төленуде. Биыл ауылдық жерлерге жұмысқа келген 73 жас маманға жалпы көлемі 109 миллион теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланған. Сонымен қатар көптеген медицина қызметкерлері Ресей, Түркия, Қытай, Беларусь мемлекеттері мен республикалық орталықтарда біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасты. Өңірде денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары қарқын алды. Радиологиялық зерттеулерді орталықтандыруға арналған PACS жүйесі енгізілуде. Сондай-ақ, жасанды интеллект негізіндегі диагностикалық шешімдер, медициналық шақыртуларды қабылдайтын дауыстық робот жүйесі және Түркістан қалалық орталық ауруханасында инсультті ерте анықтауға арналған «Cerebra» жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Облыстық перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханаларын жаңғырту нәтижесінде №1 және №3 облыстық перинаталдық орталықтары «Беделді перзентхана», ал облыстық және Түркістан қалалық балалар ауруханалары «Беделді балалар ауруханасы» республикалық номинацияларының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар облыста бір күндік клиника жобасы іске қосылды. Барлық перинаталдық орталықтарда ұрықты қорғау орталықтары ашылып, салауатты ана пансионаттары жұмысын бастады. Заманауи симуляциялық және ситуациялық орталықтар құрылды. Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында 2025 жылы 2,8 миллиард теңгеге медициналық жабдық сатып алынып, жүздеген маман шетелдің жетекші клиникаларында білімін жетілдірді. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы мен «Бастау–2030» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жүйелі жүзеге асырылуда. Облыстың 19 МСАК ұйымында даму және ерте араласу орталықтары ашылды. Облыстық балалар ауруханасында «Супервизия үйлестіру орталығы» мен «Smart School» іске қосылды. Сонымен бірге жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілетін патронаждық қызмет жаңартылып, ЮНИСЕФ қолдауымен ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмек сапасы одан әрі жетілдірілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона