Түркістан облысындағы діни қызмет саласындағы нысандардың жай-күйі бойынша жиналыс өткізілді
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы бойынша ДП ЭҚІҚБ басқармасы, Дін істер басқармасының мамандарымен, Облыстық терроризмге қарсы комиссия аппараты қызметкерлерінің қатысуымен Дін істер басқармасының мәжіліс залында діни қызмет саласындағы (ғибадат үйлері) қызметкерлеріне терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты – ғибадат үйлерінің қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі №284-НҚ «Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрықты түсіндіру, террористік сипаттағы жағдайлар орын алған кезде іс-қимыл алгоритмі және психологиялық тұрақтылықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өтті. Қала орталығынан алыс орналасқан аудандар ZOOM интернет желісі арқылы қатысты (барлығы 87 адам қатысты). Шара соныңда ҚР ТҚО Штабы дайындаған оқу бейнематериалдары көрсетілді.Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментініңТерроризмге қарсы орталық бөлімі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







