ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨҢІР БАСШЫСЫНА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТІКЕЛЕЙ ЖЕТКІЗДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды кезекті рет жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жауапты тұлғалармен бірге өзекті мәселелерді жан-жақты зерделеп, шешу жолдарын қарастырды. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.
Жеке қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалаларының, сондай-ақ Келес және Сауран аудандарының тұрғындары қатысты. Олар облыс әкіміне әлеуметтік, инфрақұрылымдық және жер қатынастарына қатысты мәселелерін тікелей жеткізді. Азаматтар көтерген мәселелердің қатарында ерекше балаларға арналған балабақша ашу, апатты жағдайдағы тұрғын үйдегі пәтерлерді сату, өтемақы алу, жер телімдерін заңдастыру бар. Бұдан бөлек тұрғындар елді мекендердегі инфрақұрылымға қатысты мәселелерді де көтерді. Атап айтқанда, Ақдала ауылындағы көшеге жол салу, көшелерді жарықтандыру және газ тарту, Береке ауылындағы көшеге жол салу, канал қазу, электр бағаларын жаңарту бойынша ұсыныстар айтылды. Ауылдарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бірінші кезекте халық көп шоғырланған елді мекендер қамтылып жатыр. Сондай-ақ кен орнының жұмысына шағым білдірді. Облыс әкімі заңсыздықтар орын алса, заң аясында жауапкершілік қаралатынын баса айтты.
Нұралхан Оралбайұлы әрбір өтінішті тыңдап, жауапты басқармалар мен аумақтық органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындардың мәселесін формалды қарамай, оны жіті зерделеп, заң аясында тиімді шешім қабылдауды міндеттеді. Тапсырмаларды орындауға уақыт беріп, жеке бақылауына алды. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар кезек күттірмейтін мәселелерді шешуде тұрғындармен тікелей кері байланысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, облыс әкімі және оның орынбасарлары облыс тұрғын бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде қабылдайды. Жеке қабылдауға еӨтініш бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -
















