ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ МАЛАЙЗИЯДА ТАНЫСТЫРЫЛМАҚ: Туркестанская область, 19 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ МАЛАЙЗИЯДА ТАНЫСТЫРЫЛМАҚ

Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек «Tourism Malaysia» ұйымының төрағасы Датук Манохаран бастаған малайзиялық делегациямен кездесті. Кездесуде тараптар Түркістан өңірінің туристік мүмкіндіктерін Малайзия нарығында кеңінен таныстыру, шетелдік туристер ағынын арттыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін талқылады. Қанат Қайыпбек Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өңірдің табиғи көрікті жерлері халықаралық туристер үшін тартымды бағыттардың бірі екенін жеткізді. – Түркістан облысы – елімізде ауыл шаруашылығы саласы бойынша жетекші өңірлердің бірі. Ауыл шаруашылығында мақта өсіру және оны терең өңдеу, жүгері және ет кластерлерін дамытуға басымдық берілген. Сонымен қатар өңірдің туристік әлеуеті де жоғары. Облыста тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі дамып келеді. Түркістан қаласындағы халықаралық әуежай жылына 3 млн жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. Осы ретте Малайзиямен тікелей әуе қатынасын ашу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз. Бұл екі ел арасындағы туристік байланысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Жуырда Малайзияда өтетін көрме-жәрмеңкеге қатысып, Түркістан облысының мүмкіндіктерін таныстыруды жоспарлап отырмыз. Біз шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және тиімді инвестициялық бастамаларды қолдауға дайынбыз, – деді облыс әкімінің орынбасары. Өз кезегінде «Tourism Malaysia» ұйымының төрағасы Датук Манохаран Түркістанның тарихи-мәдени мұрасына және табиғи ерекшеліктеріне қызығушылық білдірді. Оның айтуынша, өңірдегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен тау туризмі нысандары малайзиялық туристер үшін ерекше тартымды бағыт бола алады. – Малайзия халқының басым бөлігі – мұсылмандар. Сондықтан Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі біз үшін өте маңызды әрі қызықты туристік нысан. Сонымен қатар Қазақстанның таулы аймақтары туралы да хабардармыз. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды Малайзияда кеңінен таныстырып, елдеріміз арасындағы туристік байланысты дамыту. Осы бағытта Түркістан облысымен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз, – деді Датук Манохаран. Кездесуде 40 жылдан астам тарихы бар Малайзияның ірі туристік «Corporate Information Travel» компаниясының басқарушы директоры Фу Хонг компанияның туристік бағыттарын кеңейту мақсатында жаңа елдерді қарастырып жатқанын және Қазақстанға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Түркістанның тарихи нысандарымен қатар, өңірдің қауіпсіздігі де шетелдік туристер үшін маңызды артықшылық екенін жеткізді. Сонымен бірге Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне және қасиетті Меккеге Умра сапарын ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын айтты. Кездесу қорытындысында тараптар туристік бағыттарды өзара ілгерілету, ақпараттық және іскерлік байланыстарды нығайту, тікелей әуе қатынасын дамыту мүмкіндіктерін зерделеу және бірлескен туристік жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты. Түркістанның халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыру және шетелдік туристер ағынын көбейту – өңірдің туристік индустриясын дамытудағы басым бағыттардың бірі. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона