ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР МЕН ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ПІКІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУДЕ: Туркестанская область, 09 Сентября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР МЕН ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ПІКІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР МЕН ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ПІКІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР МЕН ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ПІКІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУДЕ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, 2026 жылдың 8 айында тұрғындардан медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты 505 арыз-шағым түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 328 өтінішке немесе 39,4%-ға аз. Оң динамика облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қор филиалы және медициналық ұйымдардың бірлескен жұмысы, өңірлік штаб отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде қалыптасты. Пациенттерді қолдау қызметінің 2 996 маманына арналған 23 оқыту семинары өткізілді. Нәтижесінде тұрғындардың мәселелерін тікелей медициналық ұйымдар деңгейінде шешу сапасы жақсарды. Түскен өтініштердің басым бөлігі медициналық көмектің сапасына, қызмет көрсетуден бас тартуға, дәрілік заттардың берілмеуіне, емханаға тіркелуге, ақпараттық жүйелерге қате мәлімет енгізуге, медициналық қызметті ұзақ күтуге, медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясына, сондай-ақ қайталанатын өтініштерге қатысты болды. Көптеген азаматтар медициналық ұйымда туындаған мәселе бойынша бірден Қорға жүгінеді. Алайда мұндай мәселелердің басым бөлігін әрбір емхана мен ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқылы сол жерде шешуге болады. Аталған қызмет медициналық көмектің ұйымдастырылуы мен сапасын талдайды, қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бақылайды, пациенттердің құқықтарын қорғайды және олардың өтініштерін қарайды. Қызметтің жұмысы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен реттеледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы ұйымдардағы Пациенттерді қолдау қызметтерімен тұрақты жұмыс жүргізеді. Ай сайынғы семинарларда репутациялық менеджмент, кәсіби этика мен деонтология, медицина қызметкерлерінің ар-намыс кодексі және нақты арыз-шағымдарды қарау тәртібі түсіндіріледі. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда «Qalqan» цифрлық сервисінің жеке QR-кодтары орналастырылуда. Пациенттер медициналық ұйымға барғанын eGov Mobile, Halyk Bank,

Kaspi.kz

, Freedom және басқа да мобильді қосымшалар арқылы растай алады. Бұл медициналық қызметтердің ашықтығын арттырып, көрсетілмеген қызметтерді тіркеу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. Медициналық көмек алу барысында мәселе туындаса, азаматтар алдымен медициналық ұйымдағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Сондай-ақ өтінішті Қордың

msqory.kz

ресми сайты немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады. Түскен барлық өтініштер толық шешілгенге дейін бақылауға алынады. Оларды талдау нәтижелері МӘМС және ТМККК аясындағы медициналық көмектің ашықтығын, қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға жол ашады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, 2026 жылдың 8 айында тұрғындардан медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты 505 арыз-шағым түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 328 өтінішке немесе 39,4%-ға аз. Оң динамика облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қор филиалы және медициналық ұйымдардың бірлескен жұмысы, өңірлік штаб отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде қалыптасты. Пациенттерді қолдау қызметінің 2 996 маманына арналған 23 оқыту семинары өткізілді. Нәтижесінде тұрғындардың мәселелерін тікелей медициналық ұйымдар деңгейінде шешу сапасы жақсарды. Түскен өтініштердің басым бөлігі медициналық көмектің сапасына, қызмет көрсетуден бас тартуға, дәрілік заттардың берілмеуіне, емханаға тіркелуге, ақпараттық жүйелерге қате мәлімет енгізуге, медициналық қызметті ұзақ күтуге, медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясына, сондай-ақ қайталанатын өтініштерге қатысты болды. Көптеген азаматтар медициналық ұйымда туындаған мәселе бойынша бірден Қорға жүгінеді. Алайда мұндай мәселелердің басым бөлігін әрбір емхана мен ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқылы сол жерде шешуге болады. Аталған қызмет медициналық көмектің ұйымдастырылуы мен сапасын талдайды, қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бақылайды, пациенттердің құқықтарын қорғайды және олардың өтініштерін қарайды. Қызметтің жұмысы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен реттеледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы ұйымдардағы Пациенттерді қолдау қызметтерімен тұрақты жұмыс жүргізеді. Ай сайынғы семинарларда репутациялық менеджмент, кәсіби этика мен деонтология, медицина қызметкерлерінің ар-намыс кодексі және нақты арыз-шағымдарды қарау тәртібі түсіндіріледі. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда «Qalqan» цифрлық сервисінің жеке QR-кодтары орналастырылуда. Пациенттер медициналық ұйымға барғанын eGov Mobile, Halyk Bank, <p class="html-span xdj266r x14z9mp xat24cr x1lziwak xexx8yu xyri2b x18d9i69 x1c1uobl x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"><a class="x1i10hfl xjbqb8w x1ejq31n x18oe1m7 x1sy0etr xstzfhl x972fbf x10w94by x1qhh985 x14e42zd x9f619 x1ypdohk xt0psk2 x3ct3a4 xdj266r x14z9mp xat24cr x1lziwak xexx8yu xyri2b x18d9i69 x1c1uobl x16tdsg8 x1hl2dhg xggy1nq x1a2a7pz xkrqix3 x1sur9pj x1fey0fg x1s688f" tabindex="0" role="link" href="https://l.facebook.com/l.php?u=http%3A%2F%2FKaspi.kz%2F%3Ffbclid%3DIwcGRvZgFleHRuA2FlbQIxMABicmlkETF3dGtKeWthaDM1VXF3Rmppc3J0YwZhcHBfaWQQMjIyMDM5MTc4ODIwMDg5MgABHlAvRrAk8F3xEm7C_iOzQud_3-228fDiBlM1ckQAaKLq_WRsMuMeXhDI7XbP_aem_QPTU_iEUZ4FsjHIcpU6BEg&amp;h=AUAb8B1FwinCychJQle4VEuAqK9etREkNNxLfvLV1xxHdlqaHCAYRMThKgpbrLptvAc8ajEbsb8osQj_Vf7Yq2pVX0mjPRiK5YVtLMnN3EV22YQQhj5AsuOdMcnzN7mQs_cwgyhWbrkdaz9G&amp;__tn__=-UK-R&amp;c%5B0%5D=AUB0cYeuCAu8yOfVxlv5fgqD0j7zRme5LOPOMyxAS09kb-6HO7yU79b5LrzyB2F13tdhuUwPwRvyiRoysv9gJz30pFF9r_LyqG8JFyOO5K-IVZWdC1WRYHQOITbIrp_SJ9Fee9SNsebtqV5ENondGqXh0q8XhpF00Op0REYwizMFwey1qEQBTlLWqnYh0yXrtGCQBGoWqi9heqmyWj4AiAIZHQ" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Kaspi.kz</a></p>, Freedom және басқа да мобильді қосымшалар арқылы растай алады. Бұл медициналық қызметтердің ашықтығын арттырып, көрсетілмеген қызметтерді тіркеу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. Медициналық көмек алу барысында мәселе туындаса, азаматтар алдымен медициналық ұйымдағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Сондай-ақ өтінішті Қордың <p class="html-span xdj266r x14z9mp xat24cr x1lziwak xexx8yu xyri2b x18d9i69 x1c1uobl x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"><a class="x1i10hfl xjbqb8w x1ejq31n x18oe1m7 x1sy0etr xstzfhl x972fbf x10w94by x1qhh985 x14e42zd x9f619 x1ypdohk xt0psk2 x3ct3a4 xdj266r x14z9mp xat24cr x1lziwak xexx8yu xyri2b x18d9i69 x1c1uobl x16tdsg8 x1hl2dhg xggy1nq x1a2a7pz xkrqix3 x1sur9pj x1fey0fg x1s688f" tabindex="0" role="link" href="https://l.facebook.com/l.php?u=http%3A%2F%2Fmsqory.kz%2F%3Ffbclid%3DIwcGRvZgFleHRuA2FlbQIxMABicmlkETF3dGtKeWthaDM1VXF3Rmppc3J0YwZhcHBfaWQQMjIyMDM5MTc4ODIwMDg5MgABHkTvxwHgX41UxBAJYZ9XXMlqSzGkvUavd_CyhV8fQsoHE04BIwwSv87Wub5W_aem_YVR2PgPZvamg13UaJQpXmQ&amp;h=AUDv9C6wym8UtsjQPhdgi9ogjqBb_1OGj4CpVFD6HznOdy01-NsKDYURq-8vY2e1sI5Kaj9uHGLiUaF2u_9EhnFZet0z2P0eaaq2s2tp6SyIabgMR4KuSTAEjN8jB3ZptPmlUyLTNzzYArll&amp;__tn__=-UK-R&amp;c%5B0%5D=AUB0cYeuCAu8yOfVxlv5fgqD0j7zRme5LOPOMyxAS09kb-6HO7yU79b5LrzyB2F13tdhuUwPwRvyiRoysv9gJz30pFF9r_LyqG8JFyOO5K-IVZWdC1WRYHQOITbIrp_SJ9Fee9SNsebtqV5ENondGqXh0q8XhpF00Op0REYwizMFwey1qEQBTlLWqnYh0yXrtGCQBGoWqi9heqmyWj4AiAIZHQ" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">msqory.kz</a></p> ресми сайты немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады. Түскен барлық өтініштер толық шешілгенге дейін бақылауға алынады. Оларды талдау нәтижелері МӘМС және ТМККК аясындағы медициналық көмектің ашықтығын, қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға жол ашады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона