ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА: Туркестанская область, 14 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

Түркістанда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен Халықаралық жастар күніне орай «Түркістан жастары: бір толқында!» атты мерекелік кеш өтті. «Жібек жолы» саябағында өткен шарада жастардың өнері, спорттағы жетістіктері мен шығармашылық әлеуеті көрініс тапты. Кеш бағдарламасында би және музыкалық қойылымдар, сән көрсетілімі, акробатикалық шоу және түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен мерекелік отшашу ұсынылды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жастарды мерекемен құттықтап, түркістандық ел мақтаныштары мен жастардың шаһар дамуына қосар үлесін атап өтті. «Бір толқында болу – елдік мұрат жолындағы үндестік деп білемін. Білімге құштарлық, жаңа идеяға ұмтылыс пен елге деген жауапкершілік – Түркістан жастарының басты қасиеті болуы тиіс. Қаламыздың келешегі – сіздердің қолдарыңызда», – деді қала әкімі. Бүгінде Түркістанда 78 361 жас тұрады. Бұл – қала халқының 31,4 пайызын құрайды. Жас түркістандықтар спорт, білім, ғылым, өнер және жаңа технологиялар салаларында жоғары нәтижелер көрсетіп, қаланың мерейін үстем етіп келеді. Олардың қатарында халықаралық және республикалық додаларда топ жарып жүрген спортшылар, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен түрлі байқауларда жүлде алған жастар бар. Мерекелік кеш жастардың бірлігі мен белсенділігін, шығармашылық әлеуеті мен жаңа бастамаларға деген ұмтылысын айқындай түсті.

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Түркістанда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен Халықаралық жастар күніне орай «Түркістан жастары: бір толқында!» атты мерекелік кеш өтті. «Жібек жолы» саябағында өткен шарада жастардың өнері, спорттағы жетістіктері мен шығармашылық әлеуеті көрініс тапты. Кеш бағдарламасында би және музыкалық қойылымдар, сән көрсетілімі, акробатикалық шоу және түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен мерекелік отшашу ұсынылды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жастарды мерекемен құттықтап, түркістандық ел мақтаныштары мен жастардың шаһар дамуына қосар үлесін атап өтті. «Бір толқында болу – елдік мұрат жолындағы үндестік деп білемін. Білімге құштарлық, жаңа идеяға ұмтылыс пен елге деген жауапкершілік – Түркістан жастарының басты қасиеті болуы тиіс. Қаламыздың келешегі – сіздердің қолдарыңызда», – деді қала әкімі. Бүгінде Түркістанда 78 361 жас тұрады. Бұл – қала халқының 31,4 пайызын құрайды. Жас түркістандықтар спорт, білім, ғылым, өнер және жаңа технологиялар салаларында жоғары нәтижелер көрсетіп, қаланың мерейін үстем етіп келеді. Олардың қатарында халықаралық және республикалық додаларда топ жарып жүрген спортшылар, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен түрлі байқауларда жүлде алған жастар бар. Мерекелік кеш жастардың бірлігі мен белсенділігін, шығармашылық әлеуеті мен жаңа бастамаларға деген ұмтылысын айқындай түсті.

Еще новости региона