ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 80 ГЕКТАР АУМАҚТА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРУДЕ: Туркестанская область, 11 Сентября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 80 ГЕКТАР АУМАҚТА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Жетісай ауданында тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде бүгінде Жетісай қаласын кеңейтуге бөлінген 80 гектар аумақта көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алған. Аудан әкімі Серік Мамытов аталған аумақта салынып жатқан 5 қабатты, 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс барысын аралап, жұмыстардың сапасын тексерді. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңда тұрғын үйлердегі құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Нысандардағы жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда, конкурстық құны 313 млн 652 мың теңгені құрайтын №1 тұрғын үй мен құны 587 млн 47 мың теңгелік №2 тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталған. Қос нысандағы құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғын үй құрылысы – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және елді мекеннің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі болғандықтан белгіленген мерзімде аяқталуы ғана емес, сапасының талапқа сай болуы да басты назарда. Құрылыс алаңдарын аралау барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей белгіленген мерзімді сақтау жөнінде нақты тапсырмалар беріп, құрылыс сапасын жіті бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы тиіс екенін, белгіленген нормалар мен талаптарды орындамаған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын ескертті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Жетісай ауданында тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде бүгінде Жетісай қаласын кеңейтуге бөлінген 80 гектар аумақта көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алған. Аудан әкімі Серік Мамытов аталған аумақта салынып жатқан 5 қабатты, 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс барысын аралап, жұмыстардың сапасын тексерді. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңда тұрғын үйлердегі құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Нысандардағы жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда, конкурстық құны 313 млн 652 мың теңгені құрайтын №1 тұрғын үй мен құны 587 млн 47 мың теңгелік №2 тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталған. Қос нысандағы құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғын үй құрылысы – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және елді мекеннің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі болғандықтан белгіленген мерзімде аяқталуы ғана емес, сапасының талапқа сай болуы да басты назарда. Құрылыс алаңдарын аралау барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей белгіленген мерзімді сақтау жөнінде нақты тапсырмалар беріп, құрылыс сапасын жіті бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы тиіс екенін, белгіленген нормалар мен талаптарды орындамаған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын ескертті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона