ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ: Туркестанская область, 25 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Түркістан қаласындағы 15 мектептің 100-ге жуық оқушысына мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды. Осылайша 60-тан астам отбасыға материалдық қолдау көрсетіліп, балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуына мүмкіндік жасалды. Ізгі шараның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына жаңа оқу жылы қарсаңында көмек көрсетіп, олардың мектепке толыққанды дайындалуына қолдау білдіру. Шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов жүргізіп, қайырымдылық акциясының мәні мен маңызына тоқталды. Ол игі бастаманың қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттырудағы рөлін атап өтіп, акцияға қолдау білдірген азаматтарға алғысын жеткізді. Қайырымдылық шарасына Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова, Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Замир Мұхаммеджанов, Түркістан облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Мухаббат Ибрагимова және кәсіпкер, «Раяна» гүл өсіру жылыжайының иесі Дилноза Омарова қатысып, балаларға жылы лебіздерін білдірді. Қайырымдылық жасаған жандар оқушыларға қажетті мектеп құралдарын өз қолдарымен табыстап, бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Ал шара соңында балаларға тәтті көңіл күй сыйлау мақсатында балмұздақтар үлестірілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Түркістан қаласындағы 15 мектептің 100-ге жуық оқушысына мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды. Осылайша 60-тан астам отбасыға материалдық қолдау көрсетіліп, балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуына мүмкіндік жасалды. Ізгі шараның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына жаңа оқу жылы қарсаңында көмек көрсетіп, олардың мектепке толыққанды дайындалуына қолдау білдіру. Шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов жүргізіп, қайырымдылық акциясының мәні мен маңызына тоқталды. Ол игі бастаманың қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттырудағы рөлін атап өтіп, акцияға қолдау білдірген азаматтарға алғысын жеткізді. Қайырымдылық шарасына Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова, Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Замир Мұхаммеджанов, Түркістан облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Мухаббат Ибрагимова және кәсіпкер, «Раяна» гүл өсіру жылыжайының иесі Дилноза Омарова қатысып, балаларға жылы лебіздерін білдірді. Қайырымдылық жасаған жандар оқушыларға қажетті мектеп құралдарын өз қолдарымен табыстап, бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Ал шара соңында балаларға тәтті көңіл күй сыйлау мақсатында балмұздақтар үлестірілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона