ТҮРКІСТАНДА «ҚАУЫРСЫН ЖҮРЕК ЖЫРЛАРЫ» САЗДЫ-ЛИРИКАЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы «Креативті жастар» клубының ұйымдастыруымен күзгі маусымның ашылуына орай «Қауырсын жүрек жырлары» атты сазды-лирикалық кеш өтті. Кешті музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов ашып берді.
Кештің басты мақсаты – поэзияны кеңінен насихаттау, жас шығармашылық иелеріне қолдау көрсету және әуезді ән мен әсерлі жыр арқылы көрерменге ерекше рухани көңіл күй сыйлау. Шара аясында музей-қорық кітапханасының кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиет пен өнерді ұштастырған тағылымды бағдарлама ұсынылды.
Кешке Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының директоры Айдар Сейдазым, Сайлаухан Жоланов, Асылзат Арыстанбек, Ғабит Сапарбек сынды өңірге танымал ақындар, сондай-ақ жас ақындар Бауыржан Ерман, Қайсар Бауыржан, Тұрарбек Қаныбек, Ілияс Қуандық, Абылайхан Хамитұлы қатысып, жүректен шыққан жырларын оқып берді. Сонымен қатар мәдениет саласының өкілдері Жанар Болатбекова, Алмас Мұхтарұлы, Бауыржан Садыбеков, Арсен Тұрсынбай өнерлерін ортаға салды. Музей-қорық қызметкерлері де өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.
Ашық аспан астында өткен сырлы кеште әсем ән мен жүрекке жетер жыр, нәзік сезім мен көркем көңіл күй тоғысты. Шараға ақындар мен сазгерлер, күйшілер, зиялы қауым өкілдері, музей және мәдениет саласының мамандары, шығармашыл жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кеш соңында Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Түлектер қауымдастығының төрағасы Мариям Асанова сөз сөйлеп, кешті қорытындылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -


























