ТҮРКІСТАНДА «КІТАП. ОЙ. ШАБЫТ» ӘДЕБИ-МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ: Туркестанская область, 13 Июля 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП. ОЙ. ШАБЫТ» ӘДЕБИ-МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ

Түркістан облысы Мәдениет басқармасының бастамасымен Түркістан қаласындағы «Қолөнершілер қалашығы» кешенінде ұйымдастырылып жатқан әдеби-мәдени іс-шаралар шеруі аясында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының «Кітап. Ой. Шабыт» атты әдеби-мәдени кеші өтті. Іс-шара барысында кітап оқу мәдениетін дәріптеу мен оқырмандардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында бірнеше мазмұнды алаң жұмыс істеді. «Кітапханашы оқиды» алаңында Отырар, Сауран, Түркістан қаласы және Кентау өңірлерінен келген кітапханашылар қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» повесі мен әлем әдебиетінің танымал қаламгері Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» романын талқылап, шығармалардың идеялық мазмұны, кейіпкерлер әлемі және көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. «Саз өнерінің сырлы әлемі» алаңында «Атамұра» қыш-құмыра жасау үйірмесінің шеберлері келушілерге шеберлік сағатын өткізіп, қатысушылар саз-балшықтан құмыра жасап, ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысты. «Балалықтың ғажайып әлемі» балалар алаңында бүлдіршіндер Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасын талқылап, шығарма желісі бойынша сурет салу сайысына қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Ал, «Кітап. Кофе. Поэзия» алаңында поэзия оқыған қатысушыларға тегін кофе ұсынылып, еркін форматтағы әдеби орта қалыптасты. Әдеби кешке Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Бекбол Аманжол арнайы қатысып, кітапхана қызметкерлері әзірлеген кітап көрмесімен танысты және іс-шараның өту барысын тамашалады.

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Түркістан облысы Мәдениет басқармасының бастамасымен Түркістан қаласындағы «Қолөнершілер қалашығы» кешенінде ұйымдастырылып жатқан әдеби-мәдени іс-шаралар шеруі аясында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының «Кітап. Ой. Шабыт» атты әдеби-мәдени кеші өтті. Іс-шара барысында кітап оқу мәдениетін дәріптеу мен оқырмандардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында бірнеше мазмұнды алаң жұмыс істеді. «Кітапханашы оқиды» алаңында Отырар, Сауран, Түркістан қаласы және Кентау өңірлерінен келген кітапханашылар қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» повесі мен әлем әдебиетінің танымал қаламгері Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» романын талқылап, шығармалардың идеялық мазмұны, кейіпкерлер әлемі және көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. «Саз өнерінің сырлы әлемі» алаңында «Атамұра» қыш-құмыра жасау үйірмесінің шеберлері келушілерге шеберлік сағатын өткізіп, қатысушылар саз-балшықтан құмыра жасап, ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысты. «Балалықтың ғажайып әлемі» балалар алаңында бүлдіршіндер Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасын талқылап, шығарма желісі бойынша сурет салу сайысына қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Ал, «Кітап. Кофе. Поэзия» алаңында поэзия оқыған қатысушыларға тегін кофе ұсынылып, еркін форматтағы әдеби орта қалыптасты. Әдеби кешке Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Бекбол Аманжол арнайы қатысып, кітапхана қызметкерлері әзірлеген кітап көрмесімен танысты және іс-шараның өту барысын тамашалады.

Еще новости региона