ТҮРКІСТАНДА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ МЕН ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ КҮТІП-ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістанда тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері балалар ойын және спорт алаңшаларын күтіп-баптау, жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын, сондай-ақ көше бойындағы ағаштарды санитарлық қырқу, қураған ағаштарды тазалау және газондарды шабу жұмыстарын күнделікті атқаруда.
Қала аумағында жалпы 211 ойын және спорт алаңшасы бар. Оның ішінде Түркістан қаласы әкімінің қаулысымен 127 алаңшаны күтіп-ұстау және қалпына келтіру жұмыстары «Жасыл Түркістан» КММ-ге бекітілген. Сонымен қатар, мекеме қарауына кірмейтін 91 ойын алаңшасында да тұрғындардың өтініштері негізінде жөндеу және ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды арнайы құрылған 3 мобильді топ атқарады. Барлық алаңшаны бір мезетте толық жөндеу мүмкін болмағандықтан, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда Абақ батыр көшесі мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында орналасқан ойын алаңшасында жөндеу, қалпына келтіру және аумақты арам шөптен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, ойын алаңшалары бойынша тұрғындардан күн сайын келіп түсетін өтінімдерге сәйкес барлық секторларда қажетті жұмыстар ұйымдастырылып, балалардың қауіпсіздігі мен алаңшалардың жарамды күйде болуы басты назарда ұсталады.
Сонымен қатар, қала көлемінде ағаштарды санитарлық қырқу, қураған бұтақтарды тазалау және газондарды шабу жұмыстары барлық аумақта тұрақты жүргізілуде.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










