ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРУ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Миньмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірде жаңа индустриалды аймақ құру жұмыстарын жеделдету бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады.
Кездесуде компания өкілдері индустриялық аймақ, бондтық қоймалар, өндірістік корпустар, жеке өндірістік нысандар, әкімшілік-тұрмыстық және сервистік орталықтар, сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылым салу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Аталған жоба іске асқан жағдайда, оның инвестициялық көлемі шамамен 30 млн АҚШ долларын құрайды. Нәтижесінде 42-ге жуық кәсіпорын ашылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Одан өзге, Орталық Азиядағы өнеркәсіптік кооперацияны, трансшекаралық сауданы, логистиканы және импорт көлемін арттыру мен өндірістерді дамытуға жұмыстары жолға қойылады. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік байланысты нығайтуға арналған «Орталық Азия» халықаралық индустриялық орталығын дамытуға септігін тигізеді деп көзделуде.
Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік кластерін қалыптастыру, шекара маңы логистикалық торабының қуатын арттыру және Қытай бизнесінің Орталық Азия нарығына шығуына мүмкіндік беретін өндірістік әрі логистикалық платформа құру жұмыстарын кезең-кезеңімен орындау жоспарланып отыр. Бұл ретте компания өкілдері жобалық құжаттаманы оңтайландыру, қаржыландыру мәселелерін шешу, құрылыс жұмыстарын бастау және жобаны коммерцияландыру бағытында жұмыстарды жеделдетуге дайын екенін жеткізді.
Айта өтейік, мердігер компания автомобиль жолдарын, инженерлік желілерді және металл конструкцияларын салу, құрылыс материалдарын импорттау және экспорттау, сондай-ақ әрлеу жұмыстарын жүргізу бойынша мол тәжірибеге ие.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










