ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
«Таза Қазақстан» жобасы аясында жалпықалалық сенбілікке мыңнан астам тұрғын қатысты.
Әр сенбі дәстүрге айналған шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер қауымы, мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер, әртүрлі ұйым белсенділері, коммуналдық сала қызметкерлері, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері және белсенді жастар қатысты.
Бекітілген кестеге сай барлық қатысушы жұмыс орындарының айналасын, шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңшасы аумағын және ирригациялық арық жүйелерін қоқыстан тазартып, көшеттер отырғызды. Қаланың сырт аймақтарын да ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлік нысандарының заңсыз жарнамалары алынып, ағаш түптері әктелді.
Қалада тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында 875 көшеге 2 мердігер мекеме – «Түркістан-Жарық тазалық» ЖШС, «Жасыл қала – Grenn city» ЖШС қызмет көрсетеді.
Акция барысында апта сайын қаланың 2 мыңға жуық тұрғыны үйлері мен аулаларының алдында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың қатысуымен 65-тен аса сенбілік өткізілді.
Жыл басынан бері қала аумағынан 2 400 000 тонна қоқыс шығарылып, әр сенбілікте 25-30 техника жұмылдырылып отырды. Сонымен қатар қала шетінде пайда болған 5 заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарымен қатар, ағаш отырғызу жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Биыл көктем айларында «Жасыл Түркістан» КММ, «SK geokart» ЖШС және коммуналдық мекемелердің күшімен 106 943 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Жылдың күз мезгілінде 41 398 түп ағаш көшеттері егілді.
Ал бүгін «Таза Қазақстан» сенбілік акциясы аясында қаланың 6 аумағында 5000 түп ағаш – алма, алмұрт, жиде, ива, акация, айлант, қараағаш көшеттері отырғызылды.
Жалпы қалада 620 көгалды аймақ, 32 саябақ, аллея бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -