ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 2 АЛТЫН ЖӘНЕ 2 КҮМІС МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ: Туркестанская область, 21 Июля 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 2 АЛТЫН ЖӘНЕ 2 КҮМІС МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

  Индонезияның Джакарта қаласында 3-16 шілде аралығында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері ел қоржынына 2 алтын және 2 күміс медаль салды. U23 жас санатындағы ерлер арасындағы 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Аман Қонысбеков барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алды. Ал 60 келі салмақта сынға түскен Нұрасыл Төлебек финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады. Әйелдер арасындағы бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла Нәлібай Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алса, 57 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек финалға дейін сүрінбей жетіп, жарысты күміс медальмен аяқтады. Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Басқарма басшысы спортшылардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби еңбегін жоғары бағалап, алдағы әлемдік жарыстарда да ел абыройын асқақтатуға тілектестік білдірді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов та шәкірттеріне ізгі тілегін арнап, алдағы халықаралық додаларда да көк Туымызды биікте желбірететініне сенім білдірді. Айта кетейік, жүлдегер қос спортшы да «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
  Индонезияның Джакарта қаласында 3-16 шілде аралығында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері ел қоржынына 2 алтын және 2 күміс медаль салды. U23 жас санатындағы ерлер арасындағы 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Аман Қонысбеков барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алды. Ал 60 келі салмақта сынға түскен Нұрасыл Төлебек финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады. Әйелдер арасындағы бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла Нәлібай Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алса, 57 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек финалға дейін сүрінбей жетіп, жарысты күміс медальмен аяқтады. Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Басқарма басшысы спортшылардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби еңбегін жоғары бағалап, алдағы әлемдік жарыстарда да ел абыройын асқақтатуға тілектестік білдірді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов та шәкірттеріне ізгі тілегін арнап, алдағы халықаралық додаларда да көк Туымызды биікте желбірететініне сенім білдірді. Айта кетейік, жүлдегер қос спортшы да «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона