ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚЫЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 1 АЛТЫН МЕН 1 КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Әйелдер арасындағы бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла Нәлібай барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алды.
Ал 57 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек финалға дейін сүрінбей жетіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жарысқа жаттықтырушылар Болат Беласаров пен Шыңғыс Демеуов дайындады.
Айта кетейік, жүлде салған қос бұрымды – «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -












